Қазақстанның кеден қызметкерлері Қытаймен шекарада заңсыз тасымалданбақ болған үш жүзге жуық смартфонды ұстады. Бұл ақпаратты Алматы облысының мемлекеттік кіріс департаменті Facebook желісінде таратты.




Аталған хабарламада: «30.09.2016 жылы сағат 19.30-да «Алтынкөл» кеден постының «Жаркент» бақылау-өткізу пунктінде өткізілген кедендік бақылау кезінде, ҚР кеден қызметкерлері мен ҚХР жеке тұлғалары шекарадан заңсыз өткізілмек болған 346 дана, жалпы салмағы 73 кг, әр түрлі маркадағы смартфондардың тасымалын тоқтатты»,-делінген болатын.

Другие новости