Теперь Казахстану приходится больше платить за свет России
Антикор Ақмола бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды, деп хабарлайды Kazinform.
Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Бұқпа тауындағы «Көкшетау» деген жазуды қалпына келтіру жұмысын мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізген.
Өткен жылдың шілде айында қолайсыз ауа райына байланысты «ТАУ» әріптерінің металл конструкциясы бүлінген болатын.
Қаланың ТКШ бөлімі жел қиратқан әріптерді қалпына келтіру және қалған «КӨКШЕ» жазуын нығайту үшін бастапқыда 18 млн теңгеге жуық қаражат жұмсамақ болған.
Бірнеше коммерциялық ұсынысты зерделегеннен кейін мемлекеттік орган мердігермен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасуға шешім қабылдады.
Тараптар жұмысты орындау құнын 17,6 млн теңгеге бағалаған.
Бұл жағдай қоғамдық резонанс тудырды. Сонымен бірге, келісімшарт жасасудың заңдылығы және ұсынылатын қызметтің бағасына қатысты біраз сұрақтар туындады.
Мониторинг шеңберінде өңірлік Антикор өкілдері объектіге барып, құрылымды орнату және жөндеу барысын қадағалады. Сондай-ақ, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу өткізіліп, онда департамент қалпына келтіру жұмыстарының бағасын төмендету және жазуды жөндеу сапасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Нәтижесінде қала әкімдігі шарттың құнын 4 млн теңгеге төмендетті. Бұл ақшалай қаражатты мәслихат сессиясы өткізілгеннен кейін қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттілігіне бөлу жоспарланған, — деді ведомстводан.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер тапсырыс беруші мен мердігердің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауына тексеріс жүргізіп жатқан уәкілетті органға жүгінді.