Көктөбе телемұнарасында Конституция күніне орай шоу болады


Телемұнараның медиафасадтарындағы мультимедиялық шоу 30 тамыз күні сағат 21.00-де басталады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Қала әкімдігі Алматыда Конституция күніне орай қаланың визиттік картасы Көктөбе телемұнарасының сәулеттік-көркемдік жарықтандыруы іске қосылатынын мәлімдеді. 

Телемұнараны жарықтандыру төмендегі кесте бойынша жұмыс істейді: 

  • күн сайын сағат 20.00-ден 2.00-ге дейін мұнараның өзінде динамикалық жарықтандыру қосылады; 
  • 2.00-ден 5.00-ге дейін мұнара фондық прожекторлармен жарықтандырылады; 
  • мереке күндері сағат 21.00-ден 2.00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнеролик қосылып, 2.00-ден 5.00-ге дейін прожектор қосулы болады. 

Телевизиялық мұнара әртүрлі шашырау бұрыштары бар 185 TLOS-H прожекторларымен, сондай-ақ ғимараттың 10 деңгейін бірге жарықтандыратын жарық диодты модульдері бар жарық желілерінің медиафасадымен жабдықталған.

.

Другие новости