В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев картонда ұйықтаған баланың отбасына үй сыйлады. Бұл туралы 24.kg хабарлады.
Бұрынырақ, желіде Ош облысындағы базардың жанынан түсірілген картон қағаздың үстінде ұйықтап жатқан кішкентай сәбидің суреті таралып кеткен болатын. Бұл туралы бірнеше электронды баспасөз де мақала жазған еді. Кейін Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев баланың отбасын тауып, қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Баланың анасы қазір ешқайда жұмыс істемейтін көрінеді, балалар балабақшаға орналастырылған. Әйел екі рет тұрмыста болыпты. Екінші күйеуі жұмыс іздеп Ресейге кеткен, бірақ ешқандай көмек жібермейді екен.
Жалғызбасты ана төрт баласын өзі тәрбиелеуде. Бірақ екеуін реабилитация орталығы уақытша өз қарамағына алған.
«Анасының өмір сүруге қажетті жағдай жасай алмауына байланысты, 3 және 6 жасар екі бала уақытша тұрақтау орталығына берілді. Емізулі баланы Ош облыстық нәрестелер үйіне берейін дегенбіз, бірақ кейін оны анасының жанына қалдыруды шештік. Әйелге азық-түлік пен киім жағынан көмек көрсетілді, оған енді жұмыс қарастырылуда, әрі жоғалған куәлігі қалпына келтіріліп жатыр. Осыдан соң, балаларға туу туралы куәлік жасалып, анасына әр сәби үшін жәрдемақы берілмек», -дейді Әлеуметтік даму министрлігі.