Қытайдың ең ірі үш туристік операторларымен 500 мың билет сату жөніндегі келіссөздер аяқталып келеді. Бұл туралы панельдік сессия кезінде «Астана ЕХРО-2017» Ұлттық Компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов хабарлады.




«Бүгінгі күнге дейін, біз 74 мың билеттің саудасы үшін, отандық туроператорлармен 5 келісімге қол қойып үлгердік. Енді Қытайдың ең ірі үш туристік операторларымен 500 мың билет сату жөніндегі келіссөздер аяқталып келеді»,-деді Шорманов.


Оның айтуынша, Қазақстанның темір жол тасымалындағы басты операторы, «Қазақстан темір жолы» компаниясы да 500 мың билет алу жөнінде келісімшартқа қол қойған. Осының арқасында, көрмеге келетін адамдар жету жолымен бірге билет алу мүмкіндігне ие болады.


Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақтық келісімнің ХІІІ форумы аясында «Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы туризмнің дамуының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында панельдік сессия өткен болатын.

Другие новости