Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
Қытайда WeChat желісі арқылы қазақ баланың жазған шығармасы кең таралып кетті. Ол шығарманы үйге берген тапсырма ретінде жазған, деп хабарлайды Қазақпарат.
Мұғалім күз туралы бір шумақ өлең жазып келуге және жапырақ туралы шығарма жазуға тапсырма береді.
Қазақ бала шығармасында жапырақ арқылы анасына деген махаббатын суреттеген.
Баланың есімі кім екені белгісіз. Оның шығармасы мынадай:
"Жылдам ғұмыр уақыт өтті зымырап,
Әп-сәтте алтын түске енді күзгі бақ.
Жапырақтар жыр парағым секілді,
Жер бетіне құлап жатыр судырап.
Мен жапырақтарды жек көрем. Өйткені менің анам көше тазалаушысы болып жұмыс істейді. Жапырақтарды сыпырады. Ол күнде сыпырған сайын, жапырақтар қайта жерге түсе береді. Жапырақтар анамның маңдайынан төгілген тер секілді. Жапырақ ақын-жазушыларға ұнайтын шығар. Бірақ ол маған ұнамайды. Жапырақтар жерге түспейтін болғанда ғой."