Қызылордада террорлық әрекет жайлы жалған хабар таратқан азамат ұсталды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» АП, облыстық ІІД-не сілтеме жасап.




27 қазанда, шамамен сағат 21:32-лерде Қызылорда облыстық ІІД-нің жедел қызмет кезекшісіне осы демалыс күндеріне, Алматы метросына дайындалып жатқан терракт жайлы жалған қоңырау түскен.


Құзырлы орган хабарламасында: «Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласының ІІД мен ҰҚКД қызметкерлері 50 жастағы тұрғын ұсталып, оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіле басталды», -делінген.


Естеріңізге сала кетейік, террорлық әрекет жайлы жалған қоңырау үшін, алты жылға дейінгі бас бостандығынан айыру шаралары қолданылуы мүмкін.

Другие новости