18-сәуір күніне жоспарланған жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюссон арасындағы кездесу өтпейтін болды. Бұл туралы дағыстандық спортшы әлеуметтік желісінде жариялады. Осылайша, бұл екі спортшы арасындағы кездесу 5-рет кейінге шегеріліп отыр.




2015 жылы Хабиб қабырғасын сындырып алып жекпе-жек кейінгі қалған.


2016 жылы Тонидің өкпесіне қан кетіп, жекпе-жекке 11 күн қалған кезде кейінге қалды.


2017 жылы өтуі керек жекпе-жек тағы өтпеді. Бұл жолы Хабиб салмақ қуу кезінде есінен танып қалған еді.


2018 жылы Тони аяқастынан аяғын сындырып алып, жекпе-жек өтпеді.


Көптен күтен, әлем күткен бұл төбелес 2020 жылы өтуі керек еді. Алайда COVID-19 вирусы бұл жекпе-жектің де өтуіне кедергі болды.


Дегенмен Дана Уайт UFC-249 турнирін өткізуді жоспарлап отыр. Тони жекпе-жекке дайын. Кездесуден бас тартқан Хабиб. Енді оның орнын Конор МакГреор басуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тағы БАҚ өкілдері жарыса жазып жатыр. Тони мен Конор жеңіл салмақтың уақытша чемпионы деген атаққа таласады.


Ал кездесу Сан-Франциско қаласында атақты Алькатрас шаршы алаңында өтуі мүмкін.

Другие новости