Британдық Charities Aid Foundation қайырымдылық ұйымы әлемдегі ең қолы ашық мемлекеттердің тізімін жасаған. Зерттеулер нәтижесі соғыс әрекеттері аяқталмаған, Иран, Ливия сияқты елдердің тұрғындары ең жомарт екендігін көрсетті. Бұл туралы ВВС-дің ресми сайтында жарияланды.




Ұйым дайындаған World Giving Index 2016 рейтингісіне сәйкес, танымайтын адамдарға ең көп жаны ашитын жандар Иракта тұратын көрінеді, ал қайырымдылықпен ең көп Мяньма тұрғындары айналысады екен.


Қазақстан, өкінішке орай, ең төменгі сатылардан орын алған.


Соңғы сегіз айда Иракта сауалнама жасалғандардың 10-нан 9-ы бейтаныс жандарға қол ұшын созған. Дәл осындай нәтижені Ливиялықттар да көрсеткен.



Ал қайырымдылық іс-шараларын өткізуден ең бірінші орындағы Мяньма халқының арасында сауалнамадан өткендердің 91%-ы мемлекеттік көмек көрсету орындарына қаржы бөледі екен. Бұл мемлекет аталған рейтингте осымен екінші жыл бірінші орынды бермей тұр.


Тізімде екінші тұрған – АҚШ тұрғындары. Олардың 63%-ы қайырымдылыққа ақша бөлсе, 73%-ы танымайтын адамдарға көмек көрсеткен.


Авторлар Мяньмадағы жоғары көрсеткіштерді жергілікті халықтың ескі дәстүрімен байланыстырады. Мұнда будда дінін ұстанушылар монахтарға әрдайым көмектесіп тұратын көрінеді.


Басылымның мәліметіне сай, Еуропада бұл тізімнің басында британдықтар тұр. Африкада – кениялықтар, Латын Америкасында – гватемалалықтар, Таяу Шығыста – БАӘ тұрғындары.


Бір қызығы, рейтингтің ең төменгі сатысында Қытай тұр.

Другие новости