В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Мексикада, Тулансинго қаласында болған әуесқой командалардың матчы кезінде, Рубен Ривера Васкес есімді футболшы 59 жасар Виктор Трехо атты төрешіні баспен ұрып, арбитр оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.
Аталған матч 6 қараша күні өткен екен. Васкес төрешіден қызыл карточка алған. Ашуланған футболшы оның жанына келіп баспен бетінен ұрып жіберіпті. Ауыр соққыдан Трехо оқиға орнында қаза тауып, көмекке келген медицина қызметкерлері ештеңе жасай алмаған. Спортшы алаңнан қашып кетсе керек, полиция қызметкерлері оны ізіне түсіпті.
Осыған ұқсас оқиға 2014 жылы АҚШ-тың Ливония қаласында болған еді. Біріккен Мичиган футбол лигасында арбитр Джон Беневич Бассел Саад есімді футболшыны ойыннан шығармақ болғанда, ашулы ойыншы төрешіге қол көтерген. Алған жарақатынан ол екі күннен кейін ауруханада қаза тауып, Саад жазаға тартылған болатын.