Они иллюстрировали работу волонтеров Biz Birgemiz Qazaqstan
Мемлекет басшысының пайымдауынша, сыртқы нарықтармен байланыстыратын орнықты көлік жүйесінің болуы ұзақмерзімді интеграцияны жолға қоюдың негізгі шарты болып қала береді, деп хабарлайды Kazinform.
Бүгінде Еуразияның көлік құрылымы Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы тиімді сауда байланысын қамтамасыз етіп отыр. Алайда алдағы онжылдықтарда Еуразия аймағындағы инфрақұрылымның тозғаны анық сезіле бастайды әрі оны жаңарту қажеттілігі арта түседі. Сондықтан көлік және логистика инфрақұрылымдарын жаңғырту және кеңейту – маңызды мәселе. «Рельс төселген жерде жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады» деп бекер айтылмаған. Сол себепті Қазақстан 2030 жылға дейін 11 мың шақырым теміржолға жөндеу жүргізіп, жаңадан 5 мың шақырымнан астам теміржол салуды жоспарлап отыр. «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасы аясында Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның терминалы бой көтерді. «Қытай – Еуропа» бағытында контейнер арқылы тасымалданатын жүктің 40 пайызына дейін сол жерде жинақталады. Сонымен қатар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан шекараларында және Каспий теңізінде 5 трансшекаралық көлік-логистика хабын іске қосу жоспарланып отыр, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барлық аумағындағы халықаралық автомобиль өткізу пункттері жаппай жаңғыртыла бастағанын айтты. Осынау кешенді инфрақұрылымдық шешімдер Еуразия күре жолдарын одан әрі бір-бірімен ұштастыруға және мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді.
Қазақстанның теміржол саласын дамыту ісі бірыңғай цифрлық экожүйені құру арқылы тың серпін алады. Сондай-ақ келесі жылы теміржол тасымалы саласында жасанды интеллект элементтерін пайдалануды көздеп отырмыз. Озық технологияларды қолдану тасымал тиімділігін айтарлықтай арттырып, өзіміздің және серіктестеріміздің шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл тариф саясаты мен кеден рәсімдерін үйлестіру, сондай-ақ Еуразияның бірыңғай цифрлық дәлізін құру арқылы тұтас логистика желісін қамтамасыз ету үшін керек. Нақты шара ретінде тауармен бірге жіберілетін құжаттардың бәрін QR-кодтар арқылы қашықтан тексеру және цифрлық құжаттарды өзара тану механизмін енгізуді ұсынамыз, – деді Мемлекет басшысы.