Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев онлайн брифинг өткізіп, Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлығын түсіндірді. Бұл туралы ztb.kz хабарлайды.



«Бұл жарлықтың басты мақсаты – ең алдымен халқымыздың денсаулығын сақтау мен қорғау.


Әкімдерге аумақтық қауіпсіздікті сақтау үшін әскери міндеттілерді шақыруға мүмкіндік береді.


Жиындар үш айға созылуы мүмкін. Нақты уақыты әлі белгілі болған жоқ. Жергілікті әкімдер өздері шешеді. Кейбір аймақта он күн, кейбірінде одан да ұзақ уақыт болуы мүмкін. Кей аймақтарға жиын өткізудің керегі жоқ болуы мүмкін.


Қазір әскерилердің бәрі күзетте, қызметте. Әскери жиынға барғандарға барлық әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жиындарға барғандардың жұмысы сақталады. Жұмыста қанша айлық алса, әскери арнаулы жиында да сонша ақша алады. Мысалы 200 мың айлық алса, әскери арнаулы жиында да сол айлықты алатын болады. Егер жұмысы жоқ болса, орташа айлық алады.


Бұл арнаулы жиынды мобилизациямен шатастыруға болмайды. Әкімдер шақырушылардың отбасылық жағдайына қарайды. Кімдер өз еріктерімен барғысы келсе, оларды бірінші алу керек.


Қазір жастар көп хабарласып, президенттің жарлығынан соң, өздері әскери аумақтық жиындарға баруға өтініш айтып жатыр.


Қазір төтенше жағдай кезінде бірге болсақ, осы жағдайдан тез өтеміз.


арнаулы жиындарға әскери тіркеуде тұрғандар мен денсаулығы жарайтын азаматтардың бәрі шақырылады. Мемлекеттік қызметтің қорғаныс саласында істейтіндер, педогогтар, авиация қызметкерлері, әскери оқуда жүргендер, үштен көп баласы барлар, жасы үлкендер, әйелдер мен депутаттар әскери жиынға шақырылмайды.


Әскери жиынға шақырылғандар таңертең барып, кешке қайтады.


Қазір он мың әскери қызметкер республикамызда төтенше жағдай кезінде әртүрлі қызмет етіп жатыр. Әскери жиынға шақырылғандарға әлеуметтік, медициналық көмек көрсетіледі.


Әскери шақыруға келмегендер әкімшілік жауапқа тартылады», – деді министр.

Другие новости