Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевтің Paramount компаниясын сатып алуға қатысы бар – БАҚ


Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев Paramount Global медиа компаниясын сатып алмақ болған. Осылайша Нұрәлі Әлиев пен оның серіктестері компанияны шілде айының басында оны сатып алуға келісіп қойған америкалық Skydance Media компаниясымен бәсекеге түсті. Бұл туралы Stan.kz сайты The Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Америкалық бизнесмен Эдгар Бронфман Skydance-пен жасалған мәміленің күшін жою үшін жоғары баға ұсынды. Ол Paramount-ты өз бақылауына алу үшін 5,5 миллиард доллар ұсынды (бұл Skydance ұсынысынан 400 миллион долларға жоғары). Бизнесменді басқа да беделді кәсіпкерлер қолдап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Олардың арасында, Нұрәлі Әлиевтен басқа, BC Partners Credit жеке инвестициялық тобы, фильм продюсері Стивен Пол және криптокәсіпкер Брок Пирс бар. 

Эдгар Бронфман және BC Partners Credit түсініктеме беруден бас тартты. 

Бронфманның бастапқы ұсынысы 4,3 миллиард долларға тең болса, кейінірек бұл сома Әлиев, Пол, Пирс және басқалардың қолдауынан кейін Paramount басшылығы Skydance Media-мен арадағы келісімді жою үшін ұлғайды, – делінген хабарламада.

Шілде айының басында Paramount Global және Skydance Media-ның біріккені туралы ақпарат тарады. Нәтижесінде Шари Редстоун National Ausements компаниясынан Paramount-тың 77% үлесін Skydance сатып алып, мәміле сомасы 2,4 миллиард доллар болуы керек еді. Сатып алушы қосымша Paramount-тың 1,5 миллиард долларлық қарызын жауып, 4,5 миллиард долларлық акцияларды сатып алады деп болжам болды. 

Осыған байланысты ойын-сауық компаниясының акциялары 21 тамызда алдын ала саудада 0,16%-ға өсіп, бір акциясының бағасы 11 долларға жетті. Компанияны кім сатып алатыны туралы нақты шешім жақын арада шығады. Бұл АҚШ Қаржы министрлігінің назарын аудартпай қоймайды. Себебі Paramount компаниясына CBS News-ке иелік етеді, ал оны шетелдіктер басқара алмайды. Forbes нұсқасы бойынша Нұрәлі Әлиев Қазақстандағы ең бай 50 бизнесменнің бірі (2023 жылғы мамырдағы деректер). Ол – Дариға Назарбаева мен марқұм Рахат Әлиевтің ұлы.

Другие новости