2008 жылы Нобель сыйлығын алған француз вирусологы Люк Монтанье коронавирус жасанды вирус екенін әлемге әйгілеп жар салды. Француздардың Pourquoi Docteur ақпарат көзіне осылай деп сұхбат берген. Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан COVID-19 деген ресми атауға ие болған вируста ВИЧ-тің құрамы барын жаһанға жария етті.




Вирусолог ғалымның сөзіне қарағанда, коронавирустың жабайы жануардан тарағаны туралы аңызға бергісіз ақпараттың шынайылығы сын көтермейді. Бұл вирус Ухань бактериологиялық зертханасында пайда болған. Люк Монтанье қытайлардың аталмыш вирусты жасау үшін 2000 жылдан бері жұмыс істеп келгенін жеткізді. Бұл турасында CNews ақпарат көзі хабарлады. Бұрын үнді ғалымдарының осыған ұқсас зерттеу жүргізуге талпыныс жасап көргенін де тілге тиек етті. Мұндағы мақсат организмді ВИЧ-тен қорғайтын екпе жасауға саяды.


Әлемге әйгілі Euronews ақпарат көзінің дерегінше, АҚШ-тың барлау қызметі де короновирустың Ухан зертханасында жасалғанын жариялап отыр. Соған қарамастан Қытай билігі инфекция туралы толыққанды ақпарат бермей, көптеген мәліметті құпия ұстап отыр. Бұған қоса, Қытай билігі Ухан қаласындағы зертханаға тексеріс жүргізбек болған халықаралық сарапшылар мен ғалымдар тобын жібермегені де күмән тудырады.

Люк Монтанье өзі LAV (лимфоаденопатпен ассоцияланған вирус) деп атаған вирусты зерттеуге арналған (кейін ВИЧ деген атпен танымал болған) 1983 жылғы еңбегі үшін 2008 жылы Нобель сыйлығын алған болатын.


Айта кету керек, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай вирусты саналы түрде жасаған болса, жауапкершілігі ауыр болатынын ескерткен.

Другие новости