Astana Group бірден екі MEGA ойын-сауық орталығын сатып жіберді, деп хабарлайды Informburo.kz, компанияның коммуникация департаментіне сілтеме жасап.




Сауда орталықтарының жаңа иесі ADD Invest Properties ЖШС екен. Қаржылық есеп депозитариінің мәліметі бойынша, MEGA Aktobe 11,2 млрд теңгеге сатылғаны белгілі болды. MEGA Astana-ның сатылым бағасы жарияланбады.


Forbes.kz сайтының жазуынша, ADD Invest Properties бұрын Karoc деп аталған және қазір «Керуен» ойын-сауық орталығының, Boxing development Centre ЖШС-нің үлескері болып табылады.


Astana Group-ның коммуникация департаментінде бұл ойын-сауық орталықтарын сату EXPO-2017 төңірегінде салынып жатқан MEGA Silk Way құрылысының қаржысына керек болғандығы жеткізілді.


Өткен жылы Нұрлан Смағұлов Шымкенттегі MEGA-ны сатып жіберген еді.


Ал жаңа MEGA Silk Way құрылысына қажетті несие қазақстандықтардың зейнетақы қорынан бөлінгенін естеріңізге сала кетейік. Компания басшылығы бұл қаражат қайтарылу шартымен берілгенін айтып өтті.

Другие новости