Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандық Балқаш торабын беру және оны ары қарай ресейлік ракеталық шабуыл жөніндегі ескерту жүйесінде қолдану тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.




Келісім қазақстандық Балқаш торабын ары қарай ресейлік ракеталық шабуыл жөніндегі ескерту жүйесінде (РШЕЖ) пайдалану тәртібін қарастырады.


Балқаш торабы ресейлік ракеталық шабуыл жөніндегі ескерту жүйесінің элементі болып табылатыны белгілі, ол Қарағанды облысында орналасқан. Балқаш өз аумағында тотаусы ғарыштық бақылаулар жүргізуге, ғарыштық обьектілерді анықтауға, олар жайлы ақпаратты РШЕЖ-ге жіберіп тұруға арналған.


Құжатқа сәйкес, Балқаш торабы келісім аясында Ресей қарамағында қала береді. Енді тораптағы жаңа жер телімдерінің шекарасы белгіленіп, оны жұмыс істеу тәртібі орнатылатын болады.


Оған қоса, құжатта жауынгерлік кезекшілік тәртібі, экологиялық нормаларды сақтау мәселесі енгізілген. Заң Қазақстан жеріне ресейлік әскери қызметкерлердің келу сұрақтарын реттеуге де бағытталған.

Другие новости