Президент Нұрсұлтан Назарбаев Трамптың әлемді белгілі бөліктерге бөліп қарастыруға қарсы ойын қолдайтынын мәлімдеген. Бұл туралы Елбасы өзінің Bloomberg ақпараттық порталына берген сұхбатында айтып өтіпті.




Нұрсұлтан Әбішұлы Америкадағы сайлау нәтижелері мен одан кейінгі жаңалықтар туралы бірнеше пікірін қатар білдірген.


«Біріншіден, маған Трамп мырзаның ұсыныстарындағы ұнайтын нәрсе – оның әлемді фрагментациялауға деген қарсы көзқарасы, бірақ таза саяси түрде мына процесстер болып жатыр: транстынықмұхиттық бірлестік, ондағы АҚШ, трансатлантмұхиттық – Америка, Еуропа, сонда біз қайда қалдық? Біз ортада қалдық. Біз, Ресей, барлық біздің аумақ: Қытай, Үндістан, Пәкістан. Осы бөлік не ары емес, не бері емес. Осы жерде Шанхай ынтымақтастық Ұйымы барысында бірігуге тура келеді. Бұндай бөлшектерге бөліну – әлемдік экономикаға қауіпті құбылыс. Осыдан кейін тағы бірп дағдарыс күтіледі. Ал Трамптың осыған қарсылығын мен өте құптаймын», -дейді Елбасы.


Қазақстан Президенті өзіні қызметі және оның жан-жағындағы сұрақтарға да өз жауабын айта өтіпті. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев:


«Сіз менен «2020 жылдан кейін де тұғырда қала бересіз бе?» деп тура сұраңыз. Адамның өмір сүру ұзақтығын есептеу қиын шығар. Демек, менң өзіңіз білетіндей, ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келем, сондықтан да сынға ілігіп жүрмін. Көп жұмыс істеу, аз істеу емес, барлық мәселе сенің қаншалықты тиімді жұмыс жасағаныңда, өз қызметіңмен еліңе пайдаңды әкелуде. Меніңше, барлық түйін – осында. Біздің елдің Конституциясы мен заңдары тұрғысында айтатын болсам, олар маған кандидатурамды одан ары соза беруге мүмкіндік береді. Бірақ 2020 жылы не болатынын айта алмаймын, өйткені, бұл әр түрлі факторларға байланысты», -деп атап өтеді.



Другие новости