Они иллюстрировали работу волонтеров Biz Birgemiz Qazaqstan
2 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын, - деп жазылған Өкім мәтінінде.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
Осы қос палата отырысында Тоқаев кезекті Қазақстан халқына жолдауымен шығуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеде қазақстандық депутаттар екі айға парламенттік демалысқа шыққан болатын.