Үкімет мемлекеттік кәсіпорындардағы 100-ден астам қызметті қысқартуды ұсынған еді.



Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектордағы керексіз кадр санын азайту мемлекеттік кәсіпорындардағы рұқсат етілген жарғылық негізгі қызметтерді қысқарту арқылы іске асырылу керектігін айтты.


- Бұдан әрі квазимемлекеттік сектор әрі қарай оптимизациялау үшін тиімділігін арттыру керек. Мен квазимемлекеттік сектор, әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындардың директорлар кеңесінен, азаматтық қоғам өкілдерінен құралған топтың идеясын қолдадым. Кеңес мүшелерінің талқылауынан кейін Үкімет осы жұмысқа қоғам өкілдерін қатыстыру туралы шешім әзірледі. Үкімет 2020 жылдың 1 наурызына дейін іріктеудің барлық процедураларын өткізіп, үміткерлердің тізімін келісуге ұсыну керек. Бұдан басқа, Жолдау аясындағы менің тапсырмам бойынша квазимемлекеттік сектордың штатын қысқарту үшін бәсекелес нарықта жұмыс істеп жатқан мемлекеттік кәсіпорындарды экономикалық тұрғыда тартуды төмендету үшін жұмыс жүргізуі керек. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардағы рұқсат етілген жарғылық негізгі қызметтерді қысқарту арқылы іске асырылу керек. Үкімет мемлекеттік кәсіпорындардағы 100-ден астам қызметті қысқартуды ұсынды. Бұл – бүгінгі қазіргі тізімнің 30% жуығы. Бұл бағытта жұмысты жалғастыру керек деп есептеймін. Яғни, тізімді бұдан да көбірек қысқарту керек. Әсіресе, бәсекелестік бар ірі қалаларда қолға алу керек. Үкімет бұл мәселе бойынша ұсыныстарды 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін енгізу керек, - деді мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында.

Другие новости