Қазақстанда бір жылда 78 ауыл жойылған


2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 6 208 ауыл бар. Ұлттық статистикалық бюросының хабарлауынша, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78-ге аз, деп хабарлайды Aikyn.kz

Таратылған 78 елді мекеннің 50-і Түркістан және Қостанай облыстарына тиесілі. Қалған 28 ауыл Алматы, Шығыс Қазақстан, абай және Қарағанды облыстарында таратылды. 

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 17 облыс, 192 аудан, 90 қала, оның ішінде 3 республикалық маңызы бар қала тіркелген. 

Сондай-ақ, елімізде 29 ауыл, 2165 ауылдық округ пен 6208 ауыл бар. 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707-ға жетті. 

Қалада 12 573 367 адам болса, ауылдық жерде 7 586 070 адам тұрып жатыр. 

Елімізде әйел саны ер адамнан көп. Елде 10 311 830 әйел, 9 847 877 ер адам бар.

Другие новости