Они иллюстрировали работу волонтеров Biz Birgemiz Qazaqstan
Бас прокурор Берік Асылов елімізде жол апаты көбейгенін айтты. Осыған байланысты прокурорларға бірқатар тапсырма берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен жылмен салыстырғанда жолдағы апат саны 90% өсті. Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артқан. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында теріс үрдіс орын алып жатыр. Осыған байланысты, прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы ЖКО-ның себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырдым, - деп жазды “Х” әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін бас прокурор балаларды суицид жасауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталғанын айтқан еді.