Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
2024 жылдың мамырында шетелдік азаматтар Түркия Республикасынан 2064 жылжымайтын мүлік сатып алған.
Қазақстан бұл шетелдік сатып алушылар арасында 95 жылжымайтын мүлікпен 6-орында тұр. Бұл туралы Kazinform агенттігі Turkstat-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Мамыр айында шетелдіктерге жылжымайтын мүлік сатылымы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 34,8%-ға төмендеген.
Шетелдіктер арасында ең танымал провинциялар Анталия (797), Ыстанбұл (668) және Мерсин (164) қалалары болған.
Сондай-ақ, ең көп сатылым Ресей азаматтарына - 437, Иран - 207 және Украинаға - 171 жасалған. Қазақстан азаматтары 95 жылжымайтын мүлік сатып алған және ТОП-10-ға кіріп, алтыншы орында тұр.
Жалпы, мамыр айында сатылым өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 2,4%-ға төмендеп, 110 588 мүлік сатылған.
Ең көп сатылым Ыстанбұлда - 18,814, Анкарада - 9,861 және Анталияда - 6,306.