В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Қорғаныс министрлігінде Қазақстанның Ресейден жалға берілетін сынақ алаңдары үшін алатын қаржы көлемі жарияланды. Жыл сайын біздің ел полигондарды жалға беру есебінен 24 миллион 800 мың доллар табады. Бұл туралы «Астана» арнасы хабарлайды.
Қазір Мәскеу әскери сынақ алаңдарын азайтуға белсенді түрде кірісіп жатыр.
«Біз 1 миллион 700 мың гектарды қайтарып бергенде, жалға беру ақысы 20 миллион шартты бірлікке дейін төмендейді», - дейді әскери дайындық департаментінің басшысы Иван Тульский.
Қазір ресейлік тараптан қайтарылып жатқан жерлер қорғаныс министрлігімен тексеріліп жатыр, егер олардың экологиялық жағдайы төмендеп кетсе, жалға алған ведомство шығынды қаржылай төлеуі тиіс.
Бұрынырақ, Ресейде шет елдегі сынақ алаңдарының ең көп базасы Қазақстанда орналасқан деген ақпарат таратылған болатын. Бас штабта Ресейдің қазір соғыс сынақтарын өткізбейтінін тек ғылыми зерттеумен айналысатыны айтылды.
Әзірге Ресей Қазақстанға тек жер телімдерін қайтарып береді, ал зертханалық кешендер бұрынғы жұмысын жлғастыра бермек.