Они иллюстрировали работу волонтеров Biz Birgemiz Qazaqstan
Ресейлік «Ковчег» экологиялық орталығының қызметкерлері Маңғыстаудың пейзажын бейнелейтін, 4К форматындағы, жартысағаттық бейнеролик түсіріпті.
Ресейлік саяхатшылар мен «Ковчег» атты планетаның сұлу көріністері туралы бейнеролик авторлары желіде Үстірт ойпаты жайлы видео жариялады. Роликтің авторлары жалпы ұзақтығы екі айға жуық, үш экспедиция жасап, ең ерекше кадрлердің жиынтығын жасаған.
Экспедицияға Ресейдегі Солтүстік-Осетия университетінің география факультетінің түлегі Родион Бучукури қатысқан. Оның айтуынша, Үстірт жазығын ол осыдан сегіз жыл бұрын көріп, ұнатқан екен.
Видеоға берілген анықтамада:«Жарты сағатқа бұрын үлкен мұхиттың түбі болған Үстірттің шексіз сұлу кеңістігіне еніңіздер. Мына әлемге құстардың көзімен қараңыздар. Видеоның сценариі уақыттың өзімен жазылған, ал оның негізгі бейнесі – Үстірттің миллиондаған жылдардан бергі алып өзгерістер мен оқиғалардың үнсіз куәгер шыңдары», -дейді авторлар.