Қазақ елі өзінің ұлттық ән-күйлерін насихаттап, төл мәдениетін дамытудың орнына осындай бейшара күйге түсіп кеткен жайы бар. Дәстүрлі әншілер мен күйшілер сахнаға шығайын десе, бір шапан мен кәсіби домбыраға жарымай жүр. Одан кейін қазақ мәдениеті қалай дамиды, айтыңызшы?

Көк туымызды таптады…

Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып… Киелі сахнаны ластағаны, жас баланың.

Ал мынаны қара… Қалай шығарды сахнаға? Өнердің, сахнаның киесі деген болатын-ды. Бұрын. Ал қазір? Заманауи эстрада деген осы екен деп, өнердің есігін айқара ашып тастадық. Кім көрінгенді тайраңдатып қойдық. Енді отырмыз “Ит жоқта шошқа үредінің” кебін киіп…

Ғаламторды ашып қалсаң бәрі жатыр жалаңаш. Бәрі ашық, бәрі еркін. Бәрі қолжетімді болып қалды. Электронды темекіден бастап, есін алған есірткінің түр-түрі. Қалай тізгіндейміз? Ауыздық жоқ. “Ұрпақ арты жын болды” деген нақ осы.

Киелі Түркістанда дейді келесі концерттері.

Киелі топырақтан садаға кеттік…

Қайтеді екен? Кешірім сұраған бір видео жолдап, азын-аулақ айыппұлды төлеп қойып, тайраңдай бере ме екен тағы да? Ал ол концертке баратын кілең мектеп жасындағы жасөспірімдер мен студенттер…

Жаңа Қазақстан! Референдум! Ел боламыз! - дейміз. Ел ерге қарамаушы ма еді? Ер дегеннің сиқы мынау…

Тал бесіктегі тәрбие тоқырап… Ұлттық салт-сана, тіл, дәстүр түбімен қирап жатыр. Ұрпақ болашағы үшін дабыл қағатын шақтамыз, қазағым!

Другие новости