Шығыс Қазақстанда ата-аналар жиналысы кезінде мұғалім планшет әперуді сұрап, артынан осы жөнінде дау туындаған, деп хабарлайды жергілікті Ustinka.kz порталы мемлекеттік қызмет департаментіне сілтеме жасап.




Мекеме басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов бұл ақпаратты мектептер мен балабақшалардағы жемқорлықпен күрсеке арналған дөңгелек үстел барысында таратты.


«Әрине, әр ата-ананың өмір сүру жағдайы әр түрлі. Сондықтан біреулер ақша жинауға оңай келісіп, ал біреулері бұған ашуланған. Әңгемелер айтылды, ұрыс-керіс те болды, мұндайды жасыру қиын», -дейді Жұмағұлов.


Мемлекеттік қызмет жөніндегі департаментте аталған жағдайлар туралы мектеп директорларын мектептегі ақша жинау мәселелеріне мән беріп, шешуге шақырды.


Кінәлі мұғалімнің қандай жазаға тартылғаны ашып айтылмаған.


Бұндай жайттарға Қазақстанда ата-аналар жиі ұшырасады. Жақында ғана Қостанайда үшінші сынып оқушысының анасы ұстаздардың ашық түрде ақша сұрап, жинайтынын мәлімдеген болатын.


Оған қоса, ҚР Білім және ғылым министрлігінде де бұл фактілердің растығын мойындап отыр.

Другие новости