Белгілі әнші Сәкен Майғазиев аяқталуға жақын қалған 2016 жылға деген өкпесін айтты. Майғазиев қазақ бола тұра, бір-бірімен өз ана тілдерінде сөйлеспейтін отандастарына деген ренішін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.




Әнші желідегі парақшасына қазақ халқы туралы қазақ тілінде пікір білдірген шетелдіктердің видеосын жүктеді. Жат жұрттықтардың біздің тілімізде сөйлеп тұрғанын көрген әнші «досқа күлкі, дұшпанға таба» болғанымызды ашына айтты.


«Е-е-eh! Досқа күлкі, дұшпанға таба болу деген осы емес пе екен деп қалам. Баба тілін, ана тілін білмейтін жандардың ақша төлеп тұрып, ағылшын тілін үйренетінін қайтерсің?! Тәуелсіздікті ту еткендерден туған тілін білмейтін біз ғана екенбіз. Ұялсақ етті! Бірақ, оған да намыс керек-ау… 2016-дағы өкпе-назым осы болсыншы, 2017-ге дейін ренжуге де уақыт болмайын деп тұр», – деді Сәкен Майғазиев.

[inpage]

«Мен қазақша сөйлеспейтін қазақтарды көрдім, кішкене таңғалдым, олар қазақтар, Қазақстанда тұрады. Қазақша сөйлеу керек», – дейді американдық азаматтың бірі.


«Екі қазақ қыздары бір-біріне қазақша сөйлейді. Бірақ маған орысша сөйлейді, бірақ мен орысша білмеймін», – деп қоштады екіншісі.


Желі қолданушылары бар кінәнің қазақ халқының өзінен екенін алға тартты. Көпшілік бір-бірін өзара ана тілінде сөйлесуге шақырды.


Другие новости