В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Жемқорлықпен күрес қызметінде Солтүстік Қазақстан облысындағы орта мектептердің бірінің директорының үстінен сотқа дейінгі тергеу жұмыстар басталды, дейді Today.kz, мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлықпен күрес істері жөніндегі ҚР агенттігіне сілтеме жасап.
Мекеме қызметкерлері аталған директор өз қызметтік дәрежесін пайдаланып, АӘД пәні мұғалімі етіп А. есімді азаматшаны жұмысқа алған, ал ол екі жыл бойына бір рет те қызмет орнына келмей, 2 жыл бойы мемлекет оған айлық төлеп, бюджетке 1 млн 200 мың теңгеге шығын болғанын айтты.
«Жемқорлыққа қарсы күрес істерінде қызметін асыра пайдаланған, аттестация мен жұмысқа орналастыруда пара алған мектеп директорларының есімі тұрақты түрде аталып тұрады. Тек соңғы тоғыз ай ішінде мектеп директорларының үстінен жемқорлыққа қарсы қызмет арқылы 25 қылмыстық іс қозғалып, алтауына шешім шығарылып қойған», -делінді мекемеде.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысы, Шет аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы мектеп басшысынан ақша бопсалағаны үшін, 3 жыл алты айға сотталған еді.