В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Шымкентте Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қырыққа жуық қолөнер шеберлерінің көрмесі өтуде. Бұл туралы ақпарат Otyrar.kz сайтында жарияланды.
Басылымның мәліметінше, аталған көрмеге ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық киім , қолдан жасалған экспонаттар қойылыпты.
Көрмеде ерекше қолөнер туындысы – асыл тасты ер-тұрман келушілердің назарын өзіне аудартты. Ол қымбат былғарыдан жасалып, қолдан кестеленген және бағалы тастармен көмкерілген. Өзінің туындысын авторы үш миллионға бағалап отыр. Аманғали Момбеков оны үш ай жасағанын айтуда.
Ер-тұрманнан бөлек, тұрғындардың қызығушылығын қолдан жасалған қанжар да туғызды. Екі жақты жүзі бар қанжар берік болаттан жасалған, ал ағаш сабы бағалы тастармен өрнектеліпті. Қанжардың жуықтатылған бағасы – 1,5 млн тенге.
Ұйымдастырушылар бұл көрмені жақын арада елордасы Астанада өткізуді жоспарлап отыр екен.