Они иллюстрировали работу волонтеров Biz Birgemiz Qazaqstan
Шымкент қаласындағы Спорт сарайы (қазіргі Мұзсарайы) мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөзі.
2017 жылы Шымкент қаласының «Спорт сарайы» ЖШС-ның 67,09% үлесі жекешелендірілді. Оның құны 1 млрд теңгеге, яғни нарықтық құнынан 8 есе аз сомаға сатылғаны анықталды. Спорт сарайын сатып алған ұйым жекешелендіру рәсіміне заңсыз жіберілген және жарғылық құжаттарға сәйкес спорт саласындағы қызметтермен айналысуға құқығы жоқ болғандықтан, аукционға қатысушы ретінде тіркелуге жатпайды, - деп хабарламада жазылған.
Спорт сарайы еліміздің оңтүстік өңірінде қысқы спорт түрлерін дайындайтын жалғыз орын болып саналады. Объектіні жекешелендіру кезінде мемлекет мүлкін қоғам игілігіне тиімді пайдалану қағидасына сәйкес басқаруды міндеттейтін «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының нормалары бұзылған.
5 жыл ішінде мемлекет Спорт сарайының үй-жайларын жалға алуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған, - деп прокуратура хабарлады.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімімен жекешелендіру нәтижелері жойылды.
Қазіргі уақытта шешім заңды күшіне енді.