ШЫҰ саммиті: Елорда 2 күнге жабық қалаға айналмайды


Шілденің 3-4 күндері Астанада ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты қала сырттан келушілер үшін жабық болмайды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Оның атап өтуінше, саммит өтетін күндері елорда горнизонды толық құрамда жұмыс істейді.

Мұнан бөлек, сырттан тартылатын да күштер бар. 

6 мыңнан 8 мыңға дейін полиция қызмет етеді. Азаматтардың жүріп-тұруына ешқандай шектеу жоқ. Бұл осындай халықаралық іс-шараны өткізу кезінде қолданылатын стандартты қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған шара саналады. Қаланы ешкім жаппайды, - деді Марат Қожаев.

Другие новости