5,677 просмотров
0 0 Поделиться



Сара Ицци – танымал итальяндық блогер, видео-оператор Тимур Тугалевпен бірлесе отырып, Қазақстан жайлы 4К форматындағы «Lost in Kazakhstan» атты видео жариялады.




Видео осы жылдың қыркүйегінде түсіріліпті.


«Қазақстан – шетсіз тау жоталары, тұзды көлдер мен далалардың елі. Алматы соңғы онжылдықта әлемнің ұлы астаналарымен теңесіп келді, ал қазір аса салтанатты, заманауи мегаполиске айналған», -дейді блогер.


Сара Ицци Астананың тарихын айта келе, оның бүгіндегі келбетін көрсетеді. Ал Алматыны «Орталық Азияның Дубайы» деп таныстырған, әрі бұл қаланың алманың отаны болып табылатынын атап өткен.



Сара Ицци – итальяндық жазушы, саяхатшы, филология және мәдениеттану бойынша блогер.

Тимур Тугалев – саяхатшы-режиссер, Қазақстанда туған, бірақ Аргентинада ер жетіп, Глазго өнер мектебін тамамдаған.


Блогер мен режиссер өздері барған саяхаттарынан Сара Иццидің "Lost in Avocado" атты жеке блогына әр мемлекеттің көріністері бейнеленген видео салып отырады. Солардың бірі – "Lost in Kazakhstan". Әлеуметтік желілерде дәл осындай "Lost in Kyrgyzstan", "Lost in Buenos Aires" т.б. роликтер жарияланған.



Другие новости