«Қазақфильм» киностудиясының президенті, атақты режиссер, продюсер Ақан Сатаев журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында бірінші жары Нәзира Бақаевамен не үшін ажырасқанын жариялады деп хабарлайды ZTB.kz.


Журналисттің «Жарыңызбен 25 жыл бірге тұрдыңыздар. Сіз үлгілі жар, 5 баланың әкесі болдыңыз. Не үшін ажырастыңыздар? » деген сұрағына «Біз Нәзира екеуміз барлығын ойлана келе ажырасу деген ортақ шешімге келдік. Мен ажырасуды қолдамаймын, насихаттамаймын. Бірақ, кейбір жағдайларда бұл дұрыс шешім болып табылады. Нәзира екеуіміз ұрыс-керіссіз үлкен адамдарша бұл шешімді қабылдадық. Әлеуметтік желіде ажырасу туралы ақпаратты бірге бір күнде жарияладық. Әртүрлі қауесеттердің алдын алу мақсатында.

Сөзіне қарағанда, жол соңында жұбайы екеуі бір-біріне бақыт тілеген. – Ал енді бақытыңызды таптыңыз ба? — деген сауалға Сатаев: «Айту қиын, бірақ қазір бізге қолайлы. Махаббат бар деуге болады», — деді.

Киногердің айтуынша, екеуінің ажырасуының себебі қандай да бір сыртқы факторларға байланысты емес. «Барлығы Назира екеуміздің қарым-қатынасымызға байланысты», — деді ол. Ата-анасының екіге кеткеніне балалар да түсіністікпен қараған.


Танымал режисер «Томирис» фильмінің түсірілі кезінде жарымен ажырасты. Осы орайды фильмнің бас кейіпкері Альмира Тұрсынға қатысты сұраққа: «Біз Альмира екеуміз доспыз. Бір-бірімізді құрметтейміз. Бізде ортақ көп нәрсе бар» деп жауап берді.



Другие новости