5,770 просмотров
0 0 Поделиться


Желіде «Тоқал» драмасының ресми трейлері мен постері жарияланды. Отандық фильм қазақстандық бәйбіше-тоқал тағдырының қиыншылықтары туралы баяндайды. Жоба продюсері – Гауһар Нұртас, режиссер – Евгений Чельцов.




Сюжет бойынша, қазақ отбасындағы жағдай көрсетіледі. Бота есімді келіншектің күйеуі Қайрат Анель есімді жас бойжеткенмен көңіл жарастырып, оны тоқал етіп алады. Екі келіншектің қызғаныш әңгімесі мен өзара қырқысы неге алып келетінін көрермендер жақын арада білетін болды. Фильм 8 желтоқсан күні отандық прокатқа шығарылады.



Продюсердің айтуынша, «Тоқалдың» идеясы 2013 жылы пайда болыпты. Ал түсірілім 2015 жылдан басталған екен. Фильмде басты рөлдерді Ерік Жолжақсынов, Жанель Мақажан, Гауһар Нұртас ойнаған.

Другие новости