Астанадағы басты жаңа жылдық шыршаның жағылуы кейінге қалдырылды. Биыл да ол «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының маңына орналастырылмақ екен. Бұл туралы Kazpravda.kz хабарлайды.




Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі: «Басты жаңа жылдық шырша былтырғыдай «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының маңына орналастырылады. Оның салтанатты түрде жағылуы дәстүр болып кеткендей, 1 желтоқсан емес, биыл 18 желтоқсанда өтеді», -деген ақпарат таратты.


Оған қоса, аталған алаңда мұз қалашығының құрылысы басталып кетіпті. Өткен жылғы мұз қалашығының тұрғызылуы үшін қытайлық және отандық шеберлер бірлесе жұмыс жасап, жалпы көлемі 9 мың метр куб мұз пайдаланылған еді.


Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы еліміздің басты шыршасын салтанатты түрде жағу рәсімі 1 желтоқсан күні өтіп, оған дәстүр бойынша, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын.

Другие новости