Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации, просят вернуть их на родину
29 қазан күні «Алматы арена» мұз сарайында өтетін айтулы бокс кешінде еліміздің Жанқош Тұраров, Қанат Ислам, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәріпбаев, Айдос Ербосынұлы, Жәнібек Әлімханұлы сынды былғары қолғап шеберлері шетелдік кәсіпқой спортшылармен қолғап түйістіреді. Біз кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың жекпе-жекке дайындығын сұрап, білдік.
– Бүгін әлемдік деңгейдегі жекпе-жегіңіз алғаш рет туған елде өтеді. Жекпе-жекке деген дайындығыңыз қалай?
– Өз елімізде өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Жекпе-жеккке деген жаттығуымыз тамаша. Өз еліңде өткізгеннен кейін халықтың үмітін, сенімін ақтау керек. Құдай қаласа, үмітті ақтаймыз.
– Қарсыласыңыз жайлы не айта аласыз? Қаншалықты деңгейде танисыз?
– Шынымды айтсам, қарсыласты зерттегенді ұнатпаймын. Тек рингте көргенді жақсы көрем. Алла қаласа, кімнің мықты екені сол рингте белгілі болады ғой.
– Жалпы дайындық барысында нендей қажеттілік туындайды?
– Дайындалғанда ештеңеге алаңдамаймыз. Рингке шыққанда өзіміздің қойған басты соққыларымыз бар. Қарсыластың шабуылы кезінде есесін жібермеуге тырысамыз. Сол уақытында ұрамыз.
– Спортшылардың жеңістерін жарына, жаттықтырушысына арнаған кездері жиі болады. Сіз жеңісіңізді кімге арнайсыз?
– Менің жеңістерім қазақ халқына арналады. Әр жеңісім тек елім үшін, жерім үшін.
– Салмақ өлшеу кезіндегі орын алған келеңсіз жағдай жайлы айтып өтсеңіз.
– Күтпеген жағдай орын алды. Қарсыласым шыға салып, тамақтан алды. Сабырсыздық танытты. Біз сабырлымыз, Аллаға шүкір, оның бәрін рингте көрсетеміз.
– Ертең сізден бөлек еліміздің 6 кәсіпқой боксшысы өнер көрсетеді. Жалпы, өтетін жекпе-жектердің нәтижесін болжай аласыз ба?
– Кездесуді болжай алмаймын. Ол жерде тура өзің сияқты қарсыластар келеді. Бірақ жігіттердің намысшылдығы бар, өз елімізде өтіп жатыр. Намысты қолдан бермейді деп ойлаймын. Алла қаласа, жігіттерге сәттілік, жеңіс тілеймін!
– Алға қойған қандай жоспарларыңыз бар?
– Енді барлық жоспарымыз әзірге осы кездесу, ары қарай көре жатармыз.
–Жекпе-жекте тек жеңіс тілейміз!
–Рахмет!