В деле фигурирует вымогательство денежных средств
Жапонияда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бақыт гүлінің жаңа сұрыбын атады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Изуми қаласында өткен жалпыжапондық бақытгүл (хризантема – ред.) фестивалінде «Президент Назарбаев» атындағы сорт таныстырылды.
«Кокка-эн» компаниясының (Мемлекеттік гүл бағы) басшысы Осака Джунсуке Кишивакидың айтуынша, екі халықтың арасындағы достық қатынастарға сіңірген еңбегі үшін, компания тарихында алғаш рет саяси қайраткердің есіміне гүл атауы берілуде екен.
Бұрынырақ, олар «Бес патша», «Шығыс желі» сынды лирикалық атаулармен танылған көрінеді.
«Президент Назарбаев» бақыт гүлінің ерекшеліктері – жуан сабағы, жалпақ жапырақтары, гүлінің жылтыр күлтелілігі мен бір-біріне тығыз орналасуы.
Жалпы бақыт гүлі Жапонияда ерекше мағынаға ие. Ол бақыт пен даналықтың, Император үйінің символы, оған қоса, мемлекеттің ресми белгісі болып табылады.
Айта кететін жайт, 2008 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға барған сапарында Жапонияның ең жоғарғы ордені – «Үлкен лентадағы бақыт гүлімен» марапатталған болатын.
Қазір Елбасы Жапонияда ресми сапармен жүр.