Бұл кесіліп, арнайы боялған сурет екен. Оригиналы төменде тұр. Суреттің авторы – Дмитрий Ермаков деген грузиялық фотограф. Негізінен Кавказ халықтарын суретке тартқан.




Дмитрий Ермаков қазіргі Түркіменстан төңірегіне дейін келген екен. Сол кезде түсірген суреттерінің мекенін "Закавказский область" деп көрсетіпті. Төмендегі сурет те осы кезде түсірілсе керек. Алайда Ермаковтың Қазақ жерінде болғаны туралы дым мәлімет жоқ екен.



Былтыр Петербордағы "Росфото" музей-көрме орталығы "Светопись Дмитрия Ермакова" деген көрме өткізіпті. Көрмеге Ермаковтың осы суреті де қойылған екен. Сол кезде суреттің дерегін "Казахский старшина, находящийся на российской службе с казаком. Закаспийская область. 1870-1890-е. Российский Этнографический музей" деп көрсеткен екен.


Суреттегі адам делік. Бірақ Құнанбай емес секілді. Өйткені Ермаков пен Құнанбайдың жолы мүлдем қиылыспай тұр. Сонда бұл кім болды?


Серікбол Хасан Facebook парақшасынан алынды

Другие новости