Джимми Киммел шоуы жаңа «Кинг-Конг» картинасының трейлерін жариялады. Бұл тарихтағы ең үлкен құбыжық саналатын болады, деп хабарлайды The Hollywood Reporter.




Жаңа картина желі қолданушыларының қызығушылығын оятып үлгерген. Әсіресе, фильмнің режиссері Джордан Вот-Робертстің айтуынша, бұл жолғы Кинг-Конг ол туралы түсірілген картиналар тарихындағы ең алыбы болмақ екен. Оның бойы 100 фунт (30 метр), яғни тоғыз қабатты ғимаратпен тең келетін көрінеді.


Фильм сюжеті бойынша, барлық оқиға 1970 жылы өтеді. Трейлерде алып маймылмен қоса, көрермендердің сүйіктісі Годзилланы да көруге болады.



Жаңа «Кинг—Конг» экранға 2017 жылдың наурызында шығады. Басты рөлдерде атақты актерлер Бри Ларсон, Том Хиддлстон және Сэмюэл Л. Джексон ойнайды.

Другие новости