Посольство работает в штатном режиме
Бауыржан студенттік шағында өзі жүріп жүрген қызын зорлаған. Осы оқиғадан кейін сүйіктісі жүкті болып қалған. Жігіт жауапкершілікті алудан қорқып, баланы түсіруге кеңес берген. Алайда қыз баланы алдырмай, өз ауылына қайтып кетеді. Бауыржан өзінің ұлы бар екенін тек 15 жылдан кейін ғана біледі, дейді Stan.kz.
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
Бауыржан есімді азамат тікелей эфирге хабарласып, 18 жыл бұрын бір қызды зорлағанын айтты. Осы оқиғадан кейін азаматтың баласы шетінеп, ата-анасы қайтыс болады. Өзі ішімдікке салынып, өмірімен қош айтысуға бел буады. Алайда түсінде әлгі қызды көріп, артынша 2 жыл сегіз ай бойы оны іздейді. Тапқан соң кешірім сұрап, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасайды. Дәл қазір отбасының бір ұлы мен егіз қызы бар. Сөз соңында Бауыржан жұртқа жасаған жамандықтың өзіңе міндетті түрде қайтып келетінін айтты.
“Есімім Бауыржан болады. Қызды зорлаған жігіт бостандықта жүрсе де, өз жазасын алады. Осыған анық көзім жетіп отыр. Себебі, мұндай оқиға менің де басымнан өткен еді. Соны сіздерге қысқаша баяндап берейін. Жүрегім аузыма тығылып бара жатқандай… Бұл әңгімені тек жақын достарым біледі. Студент кезімде бір қызбен жүрдім. Шынымды айтайын, менің оған қатысты арам пиғылым болған емес. Екеуіміз кешкі отырысқа бардық. Сол жерде қатты мас болып, зорлап қойдым. Ол менімен тартысып, қатты айқайлап, жұрттан көмек сұрады. Артынша оның бала көтеріп қалғанын білдім. Ол қызға “Қазір үйленетін жағдайым жоқ. Ішіңдегіні баланы алдырып таста” деп ұсыныс жасадым. Сөзіммен көндіргендей болдым. Қолына түсік жасатуға ақша ұстаттым. Жауапкершіліктен қашқанымды мойындаймын. Бір күнде барлық мәселеден құтыла алғаныма қуандым.
Ол мені балағаттап түрлі сөз айтып, артынша оқудан шығып кетті. Арада біраз жылдар өткен соң мен жаңа жарымды кездестірдім. Үйленген соң 5 жыл уақыт баламыз болмады. Емделмеген жеріміз жоқ. Бес жылдан кейін әйелім бала көтеріп, 7 айдай ауруханада жатты. Артынша толғақ кезінде сәбиіміз шетінеп кетті. Күйзеліске түсіп, терең ойға баттым. Сол екі арада әкем қайтыс болды. Бірнеше күннен кейін анам қайтты. Үйде жалғыз ұл едім. Өмірімнің астан-кестеңі шықты.
Бір күні ішімдікке тойып алып қатты ұйықтап кетіппін. Түсімде өзім зорлаған Құралай есімді бойжеткенді көрдім. Мен бір-ақ сәтте өмірімнен сызып тастаған қыз 15 жыл өткен соң түсіме кірді. Күш-жігерімді жиып, әлгі қызды іздеуге кірістім. Бұрынғы ЖОО мен студенттер үйіне бардым. Ақыры 2 жыл 8 ай іздеп, ауылдан таптым. Менің баламды алдырмаған екен. Өзі де тұрмыс құрмаған, мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Басымды алдына салып, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасадым. Қазір екеуіміздің 18 жастағы ұлымыз бен бір жасқа толмаған егіз қызымыз бар. Біреуге жамандық жасасаң, ол міндетті түрде алдыңа келеді. Мен осыны түсіндім. Сондықтан қыз зорлаған жігіттерге қатты сөйлеп, жүйкелеріңізді тоздырмаңыздар”, – дейді Бауыржан.