Stan.kz редакциясы жаңартылған үкімет мүшелерінің орташа жасын есептеп көрді. Ол аздап 50 жастан асады. 2016 жылы министрлер кабинеті тағайындалғанда да осындай көрсеткіш байқалған еді.




Үкімет мүшелерінің қатарындағы ең үлкені – Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев. Зейнетке шыққанына 3 жыл болған ол 66 жасында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің креслосына отырды. Тағы бір зейнеткер – білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова – ол 61 жаста.



Ал еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев және ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қатарластар болып шықты. Үш министр де – 56 жаста.



Ал еліміздің жаңартылған үкіметінің басшылығына тағайындалған Асқар Маминнің бұрынғы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен жас айырмашылығы – 1 жас. Жаңа премьер-министр – 54 жаста. Қорғаныс министрлігінің басшысы Бейбіт Атамқұлов үкімет басшысымен түйдей құрдас.


Бұрын ауыл шарушалығы вице-министрі болып, артынша Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы болған Сапархан Омаров 51 жасында ауыл шаруашылық министрі атанды.


Ал Энергетика министрлігінің басшылығындағы қызметін сақтап қалған Қанат Бозымбаев – 50 жаста.


Бұған дейін ол индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болған Роман Скляр 48 жасында министрлік қызметке келді. Ол бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі атанды.



Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі қызметіне тағайындалған Әлихан Смайылов мен денсаулық сақтау министрі қызметінде қалған Елжан Біртанов түйде құрдас. Екі шенеунік те – 47 жаста.


Елбасының қаулысымен бүгін жаңадан құрылған цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тізгіні 46 жастағы Асқар Жұмағалиевке берілді. Ол бұған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған.


Үкіметтің отставкаға кетуіне дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарған Жеңіс Қасымбек – 44 жаста. Бүгін ол премьер-министрдің орынбасары қызметіне келді. Ал Руслан Дәленов дәл осы жасында министрлік қызметке тағайындалып, ұлттық экономика министрлігін басқарды.


2016 жылдан бері әділет министрлігінің басшылығында отырған 41 жастағы Марат Бекетаев осы қызметін сақтап қалды.



Ал жаңартылған үкімет мүшелерінің ең жасы – Дәурен Абаев. 40 жастағы министр бұған дейін ақпарат және коммуникациялар министрлігін басқарған еді. Ол бүгін жаңадан құрылған ақпарат және қоғамдық даму министрлігін басқарады.

Другие новости