Алматыда қоғам белсенділері Алаш қайраткерлері азапталған ғимараттың коммерциялық мақсатта пайдалануына қарсы шықты. Бұрын НКВД-ның кеңсесі болған ғимаратта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана арнасы.




Мұнда кезінде алаш арыстары тергеуге алынып, кейін атылған еді. Бір топ қоғам белсенділері тарихи ғимаратты мемлекет меншігіне қайтаруды талап етті. Бұл өткенге жасалған қиянат деп есептейді.


"Қамалған осы жерге. Үш айдай жатты әкем. Ілекең осы жерде жатқанда анам менің інім Болатты туған. Осында жатқанда соны көтеріп әкеліп, осы ғимаратта көрсеткен еді", - дейді Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров.



Елбасының тапсырмасымен аталған ғимаратта "саяси қуғын-сүргін құрбандарына" арналған мұражай ашылған. Алайда ғимарат 2005 жылы жекеменшікке өтті. Ғимарат иелері мұнда құрылыс жұмысын бастап кеткен.


"Мұнда қонақ үй болмайды, әкімшілік ғимарат саламыз. Ол жерді бұрын да сондай мақсатта пайдаланылып отырған болатынбыз. Ол жерде жеке кеңселер болады. Ал, мұражай туралы сұрақты әкімдікке қойыңыздар. Ол туралы ештеңе айта алмаймын", – деді "МАК-СЕРВИС ЛТД" ЖШС-нің орынбасары Виталий Яблонский.


Мұражайдың құнды дүниелері бір бөлмеде жиналып тұрған. Құрылыс кезінде оның бәрін сыртқа шығарып тастады. "Саяси қуғын-сүргін құрбандарының" сотқа арыз жазып, "НКВД үйінің" тарихи ғимарат екенін дәлелдемек.


Источник: Stan.kz


Другие новости